Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл 12 мыңнан аса жобаны субсидиялау жоспарланып отыр

30.06.2023, 15:10 279

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлікті қолдау және мұнай-газ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында жаңа жобаларды іске асыру барысы туралы айтты.

Жалпы кәсіпкерлікті қолдау аясында биыл 12 мыңнан астам жобаны субсидиялау, 12 мыңға жуық жобаға кепілдік беру көзделіп отыр. Орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданады.

Мұнай-газ саласын дамыту аясында Қашаған кен орнында жалпы қуаты 1 млрд текше метрден асатын газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда.

Агроөнеркәсіп кешенінде 536 млрд теңгені құрайтын 300-ге жуық жоба іске асырылуда. Биыл мемлекет меншігіне қосымша 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: