Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беру аяқталды. Алдын ала мәліметтер бойынша Қызылорда облысы тұрғындарының 71,58 %-ы дауыс беруге қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі дерегіне сәйкес республика бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 58,55 %-ы дауыс берді.
Еске салайық, Қызылорда облысында 501 994 дауыс беруші тізімге енгізілген. Облыс бойынша 531 сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Оның 9-ы — аумақтық, 386-сы — учаскелік, 136-сы — округтік сайлау комиссиясы.
Азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 196 онлайн сервис, сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 учаске бар.
Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін көрсетті.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!