Ауғанстанда мектептердің бірінің маңында жарылыс болды. Салдарынан кемінде 10 оқушы қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Al Jazeera телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға 28 қарашада Кунар провинциясының Асадабад қаласында болды.
Провинцияның ақпарат және мәдениет департаменті басшысы орта мектептің жанында орналасқан тұрғын үйде жарылыс болғанын нақтылады. Ғимаратта тау-кен өнеркәсібіне қажетті динамит сақталғаны айтылды.
Ауғанстан Ішкі істер министрлігі тергеудің алдын ала нәтижелері бойынша жарылыс салғырттық пен абайсыздық салдарынан болғанын хабарлады.
Оқиға салдарынан кемінде 10 оқушы қаза тауып, тағы 110-ға жуық адам жарақат алғаны белгілі болды.
Телеарна тау-кен өнеркәсібі Ауғанстандағы негізгі сала екенін атап өтті. Алайда кәсіпорындардағы қауіпсіздік стандарттары көбінесе сын көтермейді, бұл жазатайым оқиғаларға әкеліп соғады.
Дереккөз: Nur.kz
Ауғанстандағы мектеп маңында болған жарылыс.
Фото: Stringer/Anadolu via Getty Images
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!