Жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар – Ағайдаров Дәулет пен Аббас Сая, сондай-ақ Еркеш Бекнұр мен Елеуова Айдана №335 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауларын жасады, деп жазады Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жас жұбайлар сайлауға қатысудың әрбір азамат үшін маңызды екенін атап өтіп, өз пікірлерін білдірді.
«Бүгін біз үшін ерекше күн. Отбасылық өміріміздегі маңызды сәттермен қатар, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға да қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Әр азаматтың дауысы маңызды деп есептейміз. Сондықтан барша тұрғынды сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз», — деді олар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!