Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спортшылар мен жаттықтырушылар дауыс берді

29.11.2026, 12:05 17

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданында спорт саласының өкілдері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ауданның абыройын асқақтатып жүрген спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, азаматтық құқықтарын пайдаланды.

Спорт саласының майталмандары ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасау арқылы қоғамдық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Өйткені спорттағы табандылық, тәртіп пен жеңіске деген жігер ел болашағына бейжай қарамаумен де үндеседі. Саламатты ұрпақ тәрбиелеп, аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың сайлауға қатысуы – өскелең ұрпаққа берер өнегесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: