Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үміткер үлесі мол үстел теннисі

26.11.2026, 10:55 71

HALYQLINE.KZ

Арғы тегі Англиядан бастау алатын үстел теннисі – әлемде кең тараған спорт түрі. 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындары бағдарламасына енгелі үміткер үлесі мол үстел теннисіне көтерілді.

Оның бір ерекшелігі, шапшаңдық пен ептілікті қажет етумен қатар көз бен қол координациясын жақсартуға ықпалы зор. Сондықтан оған қызығушылық басым.

Бұл ретте Сыр өңірінде соңғы уақытта салынған Үстел теннисі орталығы да аймақ спортының айшықты дамуына тың серпін сыйлаған биік белеске ие.

Мұнда бір мезетте 32 спортшы жаттығуға мүмкіндік беретін 16 кәсіби теннис үстелі жабдықталған. Ал жанкүйер үшін 260 орындық көрермен трибунасы қарастырылған. Мұнан бөлек, қосымша жаттығу бөлмелері жұмыс істейді.

Бүгінде 500-ге жуық бала үстел теннисімен тұрақты түрде айналысып, шеберлігін шыңдауда. Орталықта спортпен шұғылданушылар үшін қолайлы әрі қолжетімді жағдай жасалған. Мәселен, 16 жасқа дейінгі оқушыларға тегін, ал әуесқойлар үшін ақылы қызмет түрі көрсетіледі. Оларды 12 білікті бапкер жаттықтырады.

Денсаулықтың жан-жақты дамуына, дене құрылысының өсіп-жетілуіне, ойлау шапшаңдығын арттыруға септігі мол спорт түрін өрістету мақсатында орталықта республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі додалар өткізіліп тұрады.

Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: