Мәслихаттар депуттарының сайлауы кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс істеді.
4 ауысыммен жұмыс істейтін диспетчерлер сайлауда 50-ден аса қоңырауға жауап берді.
— Бізге келіп жеткен сауалдардың басым бөлігі — азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты. Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істейтінін қаперге саламыз. Себебі кешкі 20.00-ге дейін азаматтар дауыс беруге құқылы.
Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды, — дейді мекеме директоры Бағлан Терлікбаев.
Фото: ашық дереккөзден
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!