Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерқанат Сәрсенбайды еске алуға арналған турнир өз мәресіне жетті

22.06.2026, 0:10 32

Қызылорда қаласында белгілі журналист, қарымды қаламгер Ерқанат Сәрсенбайұлын еске алуға арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті.


Аймақта алғаш рет ұйымдастырылған спорттық додаға жергілікті БАҚ өкілдері мен мемлекеттік мекемелерден құралған 6 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Турнирдің басты мақсаты — Ерқанат Сәрсенбайұлының есімін ұлықтау, оның өнегелі еңбек жолын кейінгі буынға насихаттау, журналистер арасында салауатты өмір салтын дәріптеп, әріптестік байланысты нығайту.


Тартысқа толы өткен жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Qyzylorda» телеарнасының командасы иеленді. ІІ орын республикалық басылымдардың меншікті тілшілерінен құралған командаға бұйырса, ІІІ орынды «Сыр медиа» командасы еншіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: