Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық NIS командасы спорттық додада жүлделі болды

16.06.2026, 15:20 29

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында NIS педагогтері мен қызметкерлері арасында дәстүрлі желілік спартакиада өз мәресіне жетті.

Биыл он алтыншы рет ұйымдастырылған ауқымды спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 18 команда қатысып, 300-ге жуық қызметкер волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі, ләңгі тебу, садақ ату және арқан тартыс секілді спорт түрлерінен бақ сынады.

Қызылордалық команда барлық спорт түрі бойынша жартылай финалға жолдама алып, жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, Абылай Жәндеуов ләңгі тебуден рекорд жаңартып, «Ондық озығы» аталымының жеңімпазы атанды. Ал Жанна Омарова «Үздік теннисші» номинациясына ие болды.

Желілік спартакиада салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ NIS қауымдастығындағы әріптестік пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Фото: NIS

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: