Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлері және тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кенті, Абай көшесінде орналасқан спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.
Аталған нысандағы құрылыс жұмыстарын «СК ЛИРА» ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны 249 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта спорт кешенінде ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді жаңарту, сондай-ақ шатыр жабындысын толықтай ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, жауапты мердігер мекемеге барлық жұмысты белгіленген талаптарға сай және бекітілген мерзімде аяқтауды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен қолданылатын құрылыс материалдарының сапасына тұрақты бақылау жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін спорт кешені заманауи талаптарға сай жабдықталып, аудан тұрғындарына, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасалмақ. Бұл өз кезегінде саламатты өмір салтын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!