Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тарифтік бақылау нәтижесінде бюджетке 34,3 млн теңге өндірілді

25.11.2026, 16:00 26

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2025 жылы және 2026 жылдың 10 айында мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, қызметтік тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған шаралар назарда ұсталды. Қызметкерлерге заңнама талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын басшылыққа алу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану қажеттігі түсіндірілді.

Барлық қызметкерлер мәртебені жеке және қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында заңнамада белгіленген шектеулерді қабылдады. Мемлекеттік қызметшілер салық органдарына кірістер мен мүлік туралы декларацияны уақтылы ұсынады.

Ашықтық пен ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Департаментте «сенім телефоны» 26-22-93 жұмыс істейді. Департамент қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын бұзу фактілері тіркелген жоқ. 

Жұмыстың тиімділігін арттыру, қажетті ақпаратты жылдам бөлісу және қарау үшін материалдар Комитеттің сайтында krem.gov.kz және Facebook әлеуметтік желісінде жарияланады. Осы жарияланымдар арқылы біз Департаменттің қызметі туралы сенімді ақпаратты халықтың қалың жігінің назарына жеткіземіз. Үкіметтік емес ұйымдар мен депутаттар шақырылатын табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері мен тарифтік сметаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға жүйелі тәсілдің бағыттарының бірі болып табылады.  

Есепті кезеңде БАҚ, жұртшылықты және тұтынушыларды шақырумен онлайн режимінде «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі Департаменттің жеке парақшасы арқылы 19 жария тыңдаулар өткізіліп, тұтынушылардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына және коммуналдық тарифтерге қатысты сауалдары қаралды.

Қазіргі кезде басты назар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге және арыз-шағымдарға аударылады. Сол себепті, мемлекеттік қызметтер мен өтінімдерді қарау кезінде олардың қарау уақыттарына, сапасына, басқа құзыретті мекемеге қайта жолдау мерзіміне аса мән беріледі. Есепті кезеңде 236 жолданым түсіп, қарау мерзімдері бұзылмай, қолданыстағы заңдылыққа сәйкес қаралып, жауаптары ұсынылды. 

Департаментте мемлекеттік қызмет көрсетілуге аса көңіл бөлінеді. 2025-2026 жылдары барлығы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері анықталмады. 

Сонымен қатар, жыл сайын Департаменттің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіліп келеді және қорытындысына сәйкес тиісті іс-шаралар белгіленеді.  

Департаментте мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Есепті кезеңде 41 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, оның 12-і бойынша заң бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданды. 44 әкімшілік өндірістер қозғалып, жалпы 34,3 млн. теңге мемлекеттік бюджетке өндірілді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша шаралар Департамент басшысымен, басшының орынбасарымен және Әдеп жөніндегі уәкілмен өткізіледі.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелері, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы, сондай-ақ  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шаралары туралы 8 семинар ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, тарифтерді реттеу мен бақылау шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) 613 материал орналастырылды.

«Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тарифтік саясатын насихаттау мақсатында Департамент басшылығы мен қызметкерлері телеарналарда («Қазақстан-Қызылорда»), БАҚ-тарда («іnbusiness.kz») 5 рет сөз сөйлеп, Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистердің қатысуымен 3 брифинг өткізілді.

Табиғи монополия субъектілері өкілдерінің қатысуымен коммуналдық қызметтерді ұсыну саласындағы проблемалық мәселелер бойынша онлайн-режимде тұтынушылар үшін 23 қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, ТМС үшін тарифтерді белгілеу тәртібі, қолданыстағы заңнама талаптары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша 10 семинар-кездесулер өткізілді.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстар мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын сақтауына, қызметтік тәртіпті нығайтуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталды.Қорытындылай келе, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жалғастырылатын болады. 

Б. СӘРСЕНБАЕВА,
ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: