Арал қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында гір спортынан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды.
Жарыстың негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт арқылы тәртіптілікке, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ гір спортын дамыту мен жас спортшылардың шеберлігін шыңдау.
Турнир барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, күш-жігері мен спорттық дайындығын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған спортшылар Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің атынан мадақтама грамоталарымен және медальдармен марапатталды.
Аталған спорттық шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!