Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

”Қызылорда-Ақтау” бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылды

21.06.2026, 12:48 42

Кеше «SCAT» әуе компаниясы «Ақтау – Қызылорда – Ақтау» бағыты бойынша субсидиялық жаңа әуе рейсін іске қосты. Алғашқы рейспен 146 жолаушы Қызылордаға келсе, дәл осындай жолаушы Ақтауға аттанды.

Жаңа бағыт рейстері «Boeing» әуе кемесімен аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Ұшақ Ақтау қаласынан Қызылордаға сағат 16:00-де қонып, Қызылордадан Ақтауға сағат 17:00-де ұшып шығады. Билет құны бір бағытқа тұрақты түрде 25 000 теңге болады.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ұйымдастырылған алғашқы рейсті дәстүрге сәйкес әуежайдағы су аркасымен салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Жаңа әуе бағыты өңіраралық байланысты нығайтып, жолаушылардың мүмкіндігін кеңейтеді. Сондай-ақ туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға оң ықпал етеді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: