Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды

16.06.2026, 17:35 54

Бокстан әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады halyqline.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Мерей Ақшалов 2025 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы қызметін атқарды, бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Бұдан былай белгілі маман Отандық бокстың насихаты, PR және медиа бағытына жауапты,- делінген ресми хабарламада.


Фото: ашық дереккөз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: