Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтын медаль дауға айналды: Ясмина Тоқсанбайдың ісі арбитраж сотына жетті

19.11.2026, 14:50 25

Жапонияда өткен Азия ойындарында алтын медальдан айырылған қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбайдың ісі арбитраж сотында қаралмақ. Федерация спортшының нәтижесіне қатысты өтініш берген. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Министрдің айтуынша, қалыптасқан жағдайға бірнеше тараптың жауапкершілігі бар. Атап айтқанда, Спорт комитетінің, федерацияның, Ұлттық олимпиада комитетінің, жаттықтырушының және спортшының әрекеттеріне қатысты мәселелер қаралуы тиіс. Алайда жауапты тұлғаларға қатысты түпкілікті шешім арбитраж сотының қорытындысынан кейін қабылданбақ.

– Бұл жерде бәрінің кінәсі бар: спорт комитетінен бастап, федерация, Ұлттық олимпиада комитеті, жаттықтырушы және спортшының өзіне де қатысты мәселе бар, – деді Ербол Мырзабосынов.

Сонымен қатар министр Ясмина Тоқсанбайдың спорттық әлеуетіне тоқталып, оның көрсеткен нәтижесі Олимпиада ойындарында жүлдеге таласуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Федерация спортшыға бюджеттен тыс қаражат есебінен бір бөлмелі пәтер сыйлағаны да белгілі болды.

Әзірге алтын медальдің қайтарылатыны белгісіз. Бұл мәселе арбитраж сотының шешіміне байланысты болмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: