Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мозес бастаған 10 шетелдік футболшы «Қайсардан» кетті

15.11.2026, 12:40 73

HALYQLINE.KZ

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы құрамын толық жаңартады, деп жазады yersport.kz әлеуметтік желідегі парақшасында.

 Аталған команданың Бірінші лигаға түсіп қалуына байланысты командадан бірден 10 легионер кетті. Олар: Адам Ковач, Клайдер Маседо, Стефан Букорац, Никола Цуцкич, Густаво Заго, Микейас, Агостиньо, Имох Эзекиель, Виктор Мозес, Томас Джонс.

Жасыратыны жоқ, «қасқырлар» ала жаздай доп тепкенімен, чемпионат бойы жанкүйерлерін желпінте алмады. Тіпті, соңғы үміті Қазақстан кубогын да төбесіне көтере алмады. Көршілес Түркістан қаласының стадионында «Ордабасы» командасынан оңбай (есеп 4:1) жеңілген еді.

Фото: ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: