Немересі атасынан сұрады:
— Дүниедегі ең күшті нәрсе не?
— Балам, дүниеде 8 күшті нәрсе бар.
Темір қатты, бірақ отпен жұмсарады,
От қанша күшті болса да, оны су сөндіреді
Су күшті, бірақ ол буланып бұлтқа айналады
Бұлт қанша күшті болса да, жел айдап кетеді
Жел қанша күшті болса да, таулар кедергі келтіре алады
Тау қанша күшті болғанымен, адам қолымен опырылады
Адам қанша күшті болса да, өлімге тізе бүгеді.
– Сонда ең күштісі – өлім бе?
Жоқ олай емес. Өлім күшті болғанымен, махаббат оны жеңеді…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!