Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасұлан Әмірге португалиялық топ-клубтың көзі түсті

10.11.2026, 16:25 17

HALYQLINE.KZ

Жасұлан Әмір 2026 жылғы маусымда «Ордабасы» сапында 34 матч өткізіп, 11 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді, деп жазады penalty.kz.

Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір Еуропаның тағы бір клубының назарына ілікті.

AmanVIBE мәліметінше, Лиссабонның «Спортинг» клубы 19 жастағы қазақстандық футболшының осы мусымдағы ойынын мұқият зерттеп жүр.

«Менің ақпаратым бойынша Лиссабонның «Спортинг» клубы 19 жастағы қазақстандықты жіті бақылауға алды. Қазір клуб скауттары оның биылғы маусымдағы ойыны туралы толық есеп дайындап жатыр», — деп жазады дереккөз.

Әзірге сөз нақты трансфер туралы емес, тек скауттық қызығушылық пен ойыншыға қатысты талдау жөнінде болып отыр.

ӘМІР ҚПЛ-дағы БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛДЫ

Жасұлан Әмір 2026 жылғы маусымда «Ордабасы» сапында тұрақты ойын көрсетіп, жоғары нәтижелілігімен көзге түсті.

Ол барлық турнирді қосқанда 34 матч өткізіп, 11 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНДА ДЕБЮТ ЖАСАДЫ

Клуб деңгейіндегі сәтті маусым Әмірге ұлттық құраманың да назарын аударды. Ол биыл Қазақстан құрамасына шақырту алып, бас команда сапында дебют жасады.

Айта кетейік, «Ордабасы» 2026 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанып, клуб тарихындағы екінші чемпиондық атағына қол жеткізді.

Ғани Тұрғымбеков

Фото: aladop.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: