Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елдімекеннің жаңа әкімі таныстырылды

10.11.2026, 16:20 15

Шаһар басшысы Нұржан Ахатов Ақжарма ауылдық округінде болып, сайланған ауыл әкімін тұрғындарға таныстырды.

Еске салсақ, 8 қарашада Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Шаһар басшысы сайлауда ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, жоғары белсенділік танытқаны үшін тұрғындарға ризашылығын білдірді. Бұл сайлауда тұрғындардың басым дауысына Мұхтар Ибраев ие болды. Ол осы ауылдың тұрғыны, бұған дейін округ әкімдігінде маман қызметін атқарып, халықпен тығыз жұмыс жасаған.

Жиында шаһар басшысы жаңадан сайланған ауыл әкіміне округ бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуды, халықпен тұрақты кездесулер өткізіп, әрбір көтерілген мәселенің шешілу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, ауыз су, электр энергиясы және интернет сапасына қатысты шаруаларды шешуді жүктеді.

Мұхтар Айшықұлы Ибраев 1987 жылы дүниеге келген. Болашақ университетінде «Құқық және экономика» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005 жылы «Тұрмағамбет» серіктестігінде құрылыс саласының жұмысшысы болып бастаған. 2008 – 2018 жылдары «Қорқыт елі — Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қармақшы ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығының» басшысы. 2018 – 2026 жылдары Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының маманы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2026 жылдың 11 тамызынан бастап осы кезге дейін «Ұлар» жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: