Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әр адамның әлеуетін ашуға бағытталған мемлекеттік саясат қажет

10.11.2026, 11:05 18

HALYQLINE.KZ

Қазақстан – минералдық ресурстар мен қазба байлықтары жағынан әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Егер тәуелсіздік алғанымызға 36 жыл ішінде осы байлықты тиімді пайдаланып, ел дамуына бағыттай алғанда, Қазақстан қуатты әрі дамыған мемлекеттердің қатарына қосылар еді. Бұған Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея, сондай-ақ кезінде Кеңес Одағы құрамында бізбен бірге болған, табиғи байлығы жоқтың қасы Эстонияның даму тәжірибесі дәлел.

Алайда елімізде жол берілген кешірілмес қателіктердің салдарынан дамуымыз күткен деңгейге жете алмады. Неліктен біз әлі күнге дейін шикізаттық мемлекет болып қалып отырмыз? Оның себептерін жалпы жұртшылық жақсы біледі.

Қазір әлем түбегейлі өзгеріп, ертеңгі күннің қандай боларын болжау қиындаған күрделі кезеңді бастан өткеруде. Осындай жағдайда Қазақстан дамуының ІІ-ші КЕЗЕҢІ басталды деп айтуға болады. Бұл кезеңнің жауапкершілігі өте зор. Ендігі міндет – Қазақстанның жаңа әрі сара жолын айқындау. Ол қандай жол болуы керек?

Біз саны жағынан аз халықпыз. Дегенмен, осындай орасан зор байлықты ел игілігіне жаратып, мемлекетіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, менің ойымша, ӘР АДАМНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АШУҒА бағытталған мемлекеттік саясат қажет. Оның негізі – сапалы білім мен Қазақстанның ұлттық идеологиясы. Бұл бағытта сыбайлас жемқорлықпен күрес және түбегейлі кадрлық реформалар да маңызды орын алуы тиіс. Мен осы мәселелерді қамтитын тұжырымдаманы әзірлеп, баспасөзде жарияладым.

Оның ішіндегі ең өзекті мәселе – XXI ғасырдағы Қазақстанның дамуының стратегиясын және басым бағытын айқындау. Атап айтқанда, халқымыздың бес мың жылдық тарихи тамырынан бастау алатын рухани құндылықтарын, Абай ілімін және жасанды интеллект мүмкіндіктерін өзара сабақтастыра отырып, қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттық рухты көтеру арқылы жаңа өркениетке қадам басу.

Осы идеялар мен ұстанымдар кеңінен қамтылған кітап та жарық көрді.

Оразалы  СӘБДЕН,

академик

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: