ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Сүлейменов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында ауылдық округ әкімдеріне «Мемлекеттік қызметтегі сервистік және клиентке бағдарланған тәсіл» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында сервистік мемлекетті қалыптастырудың негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру, азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескеру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар клиентке бағдарланған тәсілдің ерекшеліктері, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қарым-қатынас мәдениеті, бюрократиялық кедергілерді азайту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және азаматтармен тиімді кері байланыс орнатудың маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар, «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі мәні мен маңызы, мемлекеттік қызметшінің жеке парасаттылығы, адалдығы мен жауапкершілігі түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттарын сақтау, қоғам сенімін нығайту, халықтың мүддесіне адал қызмет ету және қызметтік міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!