Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған екі қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыздардың туысы оқиғаға 20-ға жуық адамның қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Полиция қазіргі уақытта алты күдіктінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Halyqline.kz Qumash телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қыздардың нағашысы оқиғаның биыл жазда болғанын айтады. Оның сөзінше, 13 және 15 жастағы жасөспірімдерге бірнеше адам жәбір көрсетіп, денелерін темекімен күйдірген. Сондай-ақ қыздарға есіртетін препараттар араластырылған алкогольдік ішімдіктер ішкізіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деген мәлімдеме жасалды. Туысының айтуынша, оқушыларды көлікпен жалдамалы пәтерлерге апарып, болған жағдайды жақындарына айтқан жағдайда интимдік фото-видеоларын жариялаймыз деп қорқытқан.
Қыздардың отбасы оқиғаға қатысы бар адамдардың жауапкершіліктен жалтарып кетуінен қауіптеніп отыр. Осыған байланысты Qumash редакциясы Қарағанды облысының Полиция департаментінен ресми түсініктеме сұраған.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, алты күдікті ұсталған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жәбірленушілердің туысы айтқан өзге мәліметтер, соның ішінде оқиғаға 20 адамның қатысы болуы мүмкін екені әзірге ресми түрде толық расталған жоқ. Күдіктілердің кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана анықталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!