Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарасора-2026»: Қызылордада бес айда 195 есірткі құқықбұзушылығы  анықталды

18.11.2026, 16:05 65

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Жүрсінбайұлы Ергешовтың төрағалығымен Жедел кеңес өтті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, полиция қызметінің өзекті бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Кеңесте қаралған маңызды мәселелердің бірі – «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы.

Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері, анықталған құқықбұзушылықтар мен олардың алдын алу шаралары талқыланды.

Осы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында республика көлемінде «Қарасора-2026» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара кезінде барлығы 195 есірткі құқықбұзушылықғы анықталса, оның ішінде 64 дерегі – есірткі өсіру, 12 дерегі – есірткі өткізу, 6 дерегі – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 1 дерегі – есірткіні тұтынуға көндіру және 112 дерегі – есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар.

Заңсыз айналымнан 727 кг 164 гр есірткі заты, оның ішінде 711 кг 970 гр сора өсімдігі, 13 кг 405 гр марихуана, 46 гр гашиш, 230 гр көкнәр өсімдігі, 71 гр синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Мобильді бекеттерде қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты теріс қылықтардың 67 дерегі анықталды.

Департамент бастығы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылды күшейту, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру деректерін анықтау және есірткі заттарының таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленді. Қызметтік тәртіпті сақтау, жедел-профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: