Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында үйінің ауласынан ұрланған көлік иесіне қайтарылды

17.11.2026, 10:05 92

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында үйінің ауласынан жоғалған көлік қысқа уақыт ішінде табылып, иесіне қайтарылды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік иесі автокөлігінің жоғалғанын байқап, аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Өтінішті қабылдаған тәртіп сақшылары дереу іздестіру жұмыстарын бастаған.

Жедел шаралардың нәтижесінде көлік табылып, заңды иесіне берілді.

Осыдан кейін тұрғын полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Әсіресе аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы, полиция капитаны Нұрлан Абеновтің жұмысына ризашылығын жеткізді.

Нұрлан Абенов ішкі істер органдарында 2018 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

«Полиция қызметі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірақ халықтың алғысын алу – осы мамандықтың ең үлкен қуанышы» – дейді тәртіп сақшысы.

Фото: gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: