Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық ақыны Әсия Беркенова өмірден өтті

18.11.2026, 10:55 139

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова 76 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды ақын Серікзат Дүйсенғазы жеткізді, деп хабарлайды egemen.kz.

Әсия Беркенова 1950 жылғы 22 сәуірде Қостанай облысы Әулиекөл ауданына қарасты Сұлукөл ауылында дүниеге келген.

Ол 1982–1983 жылдары Қостанай облысында өткен айтыстарда топ жарып, 1984 жылы Алматыда Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық айтыста бірінші орынға ие болды.

Ақын халықаралық деңгейдегі сөз сайыстарында да ел намысын қорғады. Атап айтқанда, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей және Қазақстан ақындары қатысқан халықаралық айтыстың жүлдегері атанды.

Әсия Беркенова – Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері. Ол ұлттық айтыс өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан сөз шебері ретінде танылды.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: