Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотталған азаматтарға тарихи және діни кітаптар табысталды

19.11.2026, 10:30 68

Қызылордадағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №68 мекемесінде «Ислам діні және қазақ руханиятының үндестігі» тақырыбында көшпелі кітапхана көрмесі өтті. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға жазасын өтеп жатқан 11 азамат қатысты, деп хабарлайды Halyqline.kz.

13 қарашада өткен көрмені мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі А. Махашев ұйымдастырды. Іс-шараға Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Жанат Тұяқбайқызы, Эльмира Амандыққызы және Талғат Тұрсынбекұлы қатысты. Көрме барысында сотталған азаматтарға Қазақстан тарихына арналған және діни сараптамадан өткен әдебиеттер таныстырылды. Атап айтқанда, «Көшпенділер», «Алтын Орда», «Тарих-и Рашиди», «Жәңгір хан», «Сұлтан Бейбарыс» сынды тарихи еңбектер оқуға табысталды.

— Мұндай рухани-ағартушылық кездесулер азаматтардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи санасын жаңғыртуға және қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді, — делінген мекеме хабарламасында.

Іс-шара сотталған азаматтардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға, рухани-танымдық білімін кеңейтуге және кітап оқуға қызығушылығын оятуға бағытталған. Көрме барысында мекеменің режимдік және қауіпсіздік талаптары толық сақталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: