Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда электр энергиясы қатарынан төртінші ай қыбаттап келеді

18.11.2026, 11:30 98

HALYQLINE.KZ

2026 жылдың қазан айында елімізде электр энергиясының құны қыркүйек айымен салыстырғанда орта есеппен 3,4 пайызға, ал былтырғы қазан айымен салыстырғанда 7,9 пайызға өсті.

Бағаның айлық өсімі бес өңірде, соның ішінде Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысында тіркелді. Қалған 15 өңірде баға бір ай ішінде өзгеріссіз қалды.

Электр энергиясы бағасы қатарынан төртінші ай бойы өсіп келеді. Коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторийдің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, сәуірден маусымға дейінгі кезеңде республика бойынша орташа баға тұрақты дейгейде сақталған.

Статистикадағы алғашқы өсіп шілде айында тіркелді, ал қазанға қарай ол соңғы 7 айдағы ең жоғары дейгейге жетті.

DataHub мәліметінше, қазан айынжағы көрсеткіш шын мәнінде қыркүйекте болған өсімді көрсетеді. Ұлттық статистика бюросы коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды есеп айырысу кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін шот-фактуралар негізінде қадағалайды.

Нақты бір үй шаруашылығы үшін шоттағы сома жергілікті тарифке және тұтыну көлеміне байланысты болады.

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: