Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақтағы полицейлер оқушылармен буллинг пен кибербуллинг мәселесін талқылады

18.11.2026, 17:20 65

Қызылордада полиция қызметкерлері «Зияткер» инновациялық мектебінің оқушыларымен кездесіп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелерін талқылады. Іс-шараға облыстық Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіріп, құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы ақпарат берді. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, әлеуметтік желілер арқылы қорлау, қорқыту және кибербуллингке жол бермеу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, құқықтық сауаттылығын арттыруы және қауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстардың маңызын атап өтті. Мұндай кездесулер оқушылардың заң алдындағы жауапкершілігін түсінуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта да жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: