Бүгін Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ахетовтің төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиында №12 Сырдария ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымына тағайындалған Жабағиев Марат Тілеуұлы таныстырылды.
Марат Тілеуұлы 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Шымкент мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Әр жылдары «Тарлан» спорт кешенінде директордың орынбасары, №11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне қарасты Нағи Ілиясов ауылдық спорт кешенінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының директоры, Қызылорда бокс клубы директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2026 жылдан бастап Қызылорда бокс клубы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Аудан әкімінің орынбасары спорт мектебі директорына ауданда спорт саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу керектігін атап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!