Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтті

21.06.2026, 19:16 33

Бүгін Қызылорда қаласында белгілі журналист Ерқанат Сәрсенбайұлын еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтті.

​Аймағымызда алғаш рет байрағын көтерген бұл турнирдің мақсаты – ұшқыр ойлы, өткір тілді, белгілі қаламгер Ерқанат Сәрсенбайұлының есімін ұлықтау, қызмет жолын жастарға үлгі ету, қаламгерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік және достық қарым-қатынас нығайту.

Ерқанат Сәрсенбайұлы өзінің саналы ғұмырын баспасөз қызметі бен телевизияға арнап, мемлекеттік қызметте де абыройлы еңбек етіп, ақпарат саласында өзіндік қолтаңбасын, өшпес ізін қалдырған тәжірибелі қаламгер.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы С.Шаханова, “Сыр медиа” ЖШС-нің директоры М.Аралбаев, республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің меншікті тілшілі М.Жетпісбаев және Ерқанат Сәрсенбайдың анасы қатысып, турнирге қатысушы журналистерге сәттілік тіледі.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы С. Шаханова аймақ басшысының арнайы құттықтауы мен тағайындалған қаржылай қорын Ерқанат Сәрсенбайдың анасына табыстады.

Аталған турнирге жергілікті БАҚ өкілдері мен мемлекеттік мекемелерден құралған 6 команда бақ сынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: