Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өнерпаздары республикалық конкурста топ жарды

22.06.2026, 0:39 30

Атырау қаласында “Каспий құбыры Консорциумы-К” АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен “Jas tolqyn” республикалық жас таланттар конкурсына биыл Сыр елінің өнерпаздары арнайы шақыртумен алғаш рет қатысып, облысымыздың намысын абыроймен қорғап қайтты.

Бағдагүл Есмурзаеваның жетекшілігімен аттанған дарынды өнерпаздар аймақ мерейін асқақтатып, үздік нәтижелер көрсетті.

Атап айтқанда, “Вокал” номинациясы бойынша Б. Есмурзаеваның жетекшілігімен 9-11 жас аралығында Мейірлен Жанболат және 12-14 жас аралығында Айару Дидарқызы І орындарды иеленсе, 15-18 жас аралығында бақ сынаған Ақниет Алуадин арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Ал “Хореография” бағытында Үміт Айтқұлованың жетекшілігімен өнер көрсеткен 12-14 жас аралығындағы “Алтын арай” би тобы жоғары шеберлік танытып, І орыннан көрінді.

Сондай-ақ ауқымды конкурс аясында жас өнерпаздар мен жетекшілер қазылар алқасының арнайы шеберлік сабақтарына қатысып, шығармашылық бағытта өзара тәжірибе алмасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: