Арал ауданында ұлттық өнерімізді ұлықтап, төл мәдениетімізді дәріптеу мақсатында домбырамен халық әндерін орындаушылардың аудандық байқау өтті.
Шөмішкөл ауылдық клубының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде өткен өнер додасына 8 өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Домбыраның күмбірлеген үнімен көмкерілген халық әндері арқылы өнерпаздар ұлттық рухымызды асқақтатып, дәстүрлі ән өнерінің қадір-қасиетін көрермен жүрегіне жеткізді. Әрбір орындаушының әуелете шырқаған әні мен домбыраның қоңыр үні – өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір іспетті.
Байқау қортындысы бойынша: Бас жүлде -Сағынай Айару /Сазды ауылы/, Iорын -Нұрлыбекқызы Айтолқын /Шөмішкөл ауылы/, IIорын — Медетқызы Айнамкөз /Аөбай ауылы/, Сүйепбергенова Айқаракөз /Шижаға ауылы/, III орын- Жомартқызы Ақберен /Абай ауылы/, Көзжетпес Айзина /Шөмішкөл ауылы/, Сайлауов Айдидар /Қызылжар ауылы/ және алғыс хатпен Қасқырбаева Еркем-ай /Ақеспе ауылы/ марапатталды. Осындай өнерлі өрендеріміз арқылы ұлттық мұрамыздың мәңгі жасай беретініне сенім мол!
Өнерлеріңіз өрге жүзсін, жас таланттар! Домбыраның күмбірі үзілмей, қазақтың қоңыр әні ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!