Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржы саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

14.11.2026, 1:31 33

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ахетов қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары сала мамандарына ізгі тілегін арнап, олардың аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен қаржы жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне қосып келе жатқан үлестерін атап өтті.

– Сіздерді Ұлттық валюта күні және Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Төл теңгеміздің тарихы Қазақстан Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алып, 15 қарашадан бастап ел аумағында қолданысқа енгізілді. Бұл күн – Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің бірі, ал ұлттық валюта – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісі. Егемендік жылдары теңгені қолданысқа енгізу нағыз батыл әрі тарихи шешім болды. Сол сәттен бері ұлттық валютамыз нығайып, ұлттық экономиканың сенімді тірегіне айналды. Бүгінгі мерейлі мерекеде ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсаған қаржы саласының ардагерлері мен бүгінгі сала қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін, – деді Ерлан Дәуітбекұлы.

Мерекеге орай бірқатар сала мамандары мен ардагерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық экономика және қаржы басқармасының, облыстық сатып алу басқармасының және аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және қаржы саласының ардагерлері жылы лебіздерін білдіріп, көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: