Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев бастаған облысқа қарасты аудандар мен басқармалардың ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ түрлі салаларда табысты еңбек еткен белсенді ардагерлер жұмыс сапарымен киелі Арал өңіріне келіп, қаланың кіреберіс қақпасында ерекше құрмет пен ыстық ықыласқа бөленді.
Қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев бастаған аудан өнерпаздары мен белсенді азаматтар арнайы қарсы алып, қонақжай халықтың бай дәстүрін паш етті. Ардагерлерге елдің дәмі ұсынылып, өңірдің ақындары мен жыршы-жырауларының әсерлі өнері ұсынылды. Дәстүрлі ән-жырлар орындалып, қонақтардың көңіл-күйін көтерді.
Сапар барысында қонақтар Қызылорда облыстық ардагерлер ұйымының тәжірибе алмасуға арналған көшпелі семинар-кеңесіне қатысады. Сонымен қатар аудан орталығында жаңадан бой көтерген бірнеше әлеуметтік нысанның жұмысымен танысып, аудан орталығындағы көрікті деген жерлерді аралайды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!