Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлік – ұлт рухының биігі

27.11.2026, 9:25 62

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында Таулы Қарабақ оқиғаларына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету іс-шаралары аясында облыстық жастар ресурстық орталығында орналасқан «Ерлік» кабинетінде «Ерлік – ұлт рухының биігі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Тлеумбетов, ардагерлер, қоғамдық бірлестік өкілдері, әскери қызметшілер мен жастар қатысты.

Жиында басқарма басшысының орынбасары ардагерлердің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу жолындағы еңбегіне тоқталып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

«Ерлік – уақытпен өлшенбейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл құндылық. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған азаматтардың өмір жолы әрдайым құрметке лайық. Бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін түсініп, елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Ардагерлеріміздің өнегесі жастарды отансүйгіштікке, жауапкершілікке және елге адал қызмет етуге тәрбиелейді», — деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Кездесу барысында Таулы Қарабақ оқиғаларына қатысқан ардагерлер ел алдындағы еңбегі мен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Руслан Каюповтың, Қызылорда қаласы әкімі Нұржан Ахатовтың және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жасұлан Шанқұловтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Басқосу барысында ардагерлер өздерінің әскери қызмет кезеңіндегі естеліктерімен бөлісіп, жастарға Отанға адал қызмет ету, ел тыныштығын бағалау және азаматтық жауапкершілік туралы тағылымды ойларын жеткізді.

Кездесуден кейін Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан сарбаздар мен өмірден өткен ардагерлердің рухына арнап ас берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: