Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғандық кәсіпкерлер неге алаңдайды?

29.01.2020, 7:35 498

Кәсіпкерлер палатасының бизнес өкілдері арасындағы есепті кездесуі Жаңақорған ауданында өтті. Жаңақорғандық кәсіпкерлерге Палата директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов, аудандық филиал директоры Рысбай Нысанханов пен Палата сарапшысы Гүлдана Таңатова өңірде саланы дамыту бағытында істеліп жатқан жұмыстар, «Атамекенмен» қабылданған шаралар және олардың нәтижесі туралы айтып берді.

         Кездесу барысында мал бордақылаумен айналысып жүрген кәсіп иелері осы саладағы мемлекет тарапынан берілетін субсидияның кәсіптерін дамыту үшін айтарлықтай көмек болып отырғанын, соңғы уақытта бейресми дерек көздерінен қалыптасқан бұл жүйеге өзгеріс енгізілетіндігі жөнінде естіп, алаңдап отырғандықтарын жеткізді.

         Бұл мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары ресми нормативтік-құжаттарға әзірге өзгеріс енгізілмегендігін, кәсіпкерлердің бұл тілегін Орталық аппаратқа жолдайтындығын айтты.

         Мұнан өзге, кездесуде кәсіпкерлер мемлекет тарапынан кәсіпкерлік мақсатта беріліп жатқан қайтарымсыз қаржы – гранттарға, салық заңнамаларына енгізілген өзгерістерге, кәсіпкерлікпен айналысуға арналған оқу курстарына қатысты сауалдар қойып, тұщымды жауаптар берілді.

         Айта кету керек, Жаңақорған ауданында бүгінгі таңда 4168 кәсіпкерлік субъектісі тұрақты жұмыс істеуде. 2019 жылы Палата мамандары 458 азаматқа 984 кеңес беріп, 607 сервистік қызмет көрсеткен. Инновациялық грантқа құжат тапсырған 30 адамды оқытып, құжаттарын әзірлеп берген. Нәтижесінде 8 жаңақорғандық грантқа қол жеткізген. «Бастау» жобасы бойынша 480 адамды, «Жас кәсіпкер» жобасымен 115 жасты оқытты. Бүгінде «Жас кәсіпкерлерліктердің» 98-і кәсібін бастап кетті. Ал жалпы Жаңақорған ауданынан «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы 653 азамат кәсіпкерлік мақсаттағы мемлекеттік қайтарымсыз қаржы алған.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: