Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«РЗА-Агроның» елді риза қылар тірлігі бар

20.10.2021, 17:15 394

HALYQLINE.KZ  Серіктестіктің негізгі қызмет түрі – дәнді дақылдар мен мал азығы дақылдарын егу және өткізу. Суды үнемдеу мақсатында суармалы егістікпен бірге майлы дақылдарды да өсірумен айналысып келеді. Серіктестік барлығы 34 029 га жер учаскесін уақытша жалға пайдалану құқығымен иеленіп, оның ішінде 7 314 га егістік, 2 606 га шабындық, 18 557 га жайылымдық, 5 552 га жер учаскесін басқа да ауылшаруашылық мақсаттарына пайдалануда. Серіктестікте 2021 жылы 2187 га күріш, мақсары 40 га, 600 га сүрлемдік жүгері, жаңа жоңышқа 225 га егіліп, 595 га ескі жоңышқа күтімге алынды. Серіктестікте күріш өңдеудің кластерлік жүйесі толығымен жолға қойылған, яғни, күрішті егіп, өңдеп, тұтынушыға дайын өнімді сату. Күріш өнімдерінің 85 пайызы экспортқа (Ресей, Украина, Түркменстан, Тәжікстан мемлекеттеріне) шығарылады. Қалған бөлігі ішкі нарыққа өткізіледі.

Күріш өнімдерін өңдеу зауыты және сақтау базасында Оңтүстік Кореялық «Korea Industrial CO LTD» компаниясының сағатына 5,5 тн күріш ақтайтын технологиялық желісі орнатылған. Жаңа технологиялық күріш өңдеу кешені мемлекеттік стандартқа сай жоғары сортты Янтарь, Новатор, Лидер, Фишт күріштерін шығарады. Зауыт жылына 12000 тоннаға дейін қара салы қабылдап, 6000 тонна күріш өндіреді. Зауыт толық технологиялық циклды. Өндірілген күріш «РЗА» логотипімен арнаулы қапта шығарылады.

Қазіргі таңда серіктестік қуаттылығы жоғары отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтандырылған. Шаруашылықтың машина трактор паркінде 4 «Джон-Дир» жүгері комбайны, 4 «Джон-Дир» күріш комбайны, 4 «Джон-Дир» тракторы, 3 «Джон-Дир», 1 магдон жаткасы, 2 Сlass күріш комбайны, 20 тұқым сепкіш трактор, 10 дана лазерлі планировщик, 3 НМК гидромех эксковатор, 7 дана САМС жүк көлігі, 11 дана К-700, трактор Дютс Фарр 10 дана, 24 дана Т-150, 33 дана МТЗ-80 тракторы, 5 дана ДТ-75 бульдозері, соқа 40 дана, 30 дана әртүрлі маркадағы комбайндар, оның ішінде екеуі доңғалақты, 16 автомашина және әртүрлі ауылшаруалылық құралдары бар.Серіктестікте 230 адам тұрақты жұмыс істеп келеді, және егін жинау науқанына байланысты 50 адам маусымдық жұмысқа алынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: