Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық мейрамханаларды кім тексеріп жүр?

27.01.2023, 10:55 654

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Мақажановпен кездесуде кәсіпкерлер соңғы аптада мейрамханаларын кімдер тексеріп жүргенін білмейтінін айтып, заңдылығын тексеруді сұрады.

Іс-шараға Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Раимов, Палата басшысы Пірмұхаммед Сыздықов, өңірлік кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты.

Облыстағы қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы қауымдастығының төрайымы Ақмарал Әбдіразақова соңғы аптада Қызылорда қаласындағы бірнеше мейрамхана, кафеге бір топ азамат басып кіріп, тұтынушылар мен қызметкерлердің мазасын алып жатқанын жеткізді.

«Тексерушілер қоғамдық тамақтану орындарында кальянның бар-жоғын тексеріп жүргендерін айтады. Бірақ бұл топ кім? Рұқсаты бар ма? Бұл жүрістері тексеру ме, рейд пе, әлде мониторинг па? Қоғамдық тамақтану орнына демалуға келген азаматтарға айыппұл салуы қаншалықты заңды? Тексеруге негіз болған ресми құжаттарын көрсетпесе де, кіре ала ма? Мәселен, менің мейрамханамда кальян жоқ. Дегенмен, келген топ кальян іздеп асханаға дейін кіріп барды», – деді Ақмарал Әбдіразақова.

Оның сөзін бірнеше кафе-бар иелері қолдап, кәсіп жүргізу қиындап кеткенін, салдарынан кейбірі жабу туралы шешім қабылдауға мәжбүр екенін айтты.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер жер телімі, балабақша, құрылыс, саласындағы кедергілерді мәлімдеп, бизнес жүргізудегі проблемаларды шешуге көмек сұрады.

Департамент басшысы Ернар Мақажанов бұл мәселелерді құзыреті шегінде Кәсіпкерлер палатасының мамандарымен бірге қарайтынын жеткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы бұдан кейін де Палата алаңында кәсіпкерлерді тұрақты қабылдайтын болды.Кездесу ұйымдастырылса, алдын ала хабарланады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: