Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкерлер шетелдік сарапшыларды қалай шақырта алады?

20.07.2020, 18:00 368

HALYQLINE.KZ Осы тақырып төңірегінде Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева айтты.

Палата маманы «Аға сеньорлар» инструменті отандық сарапшылардың тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, салалық ерекшеліктерін басшылыққа алып кәсіпкерлердің құзыретін арттыруға, жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологиялары мен персоналды оқытуға қатысты сұрақтар бойынша тікелей кәсіпорында қатысушыларға кеңес беру мен тәжірибе алмасуға бағытталғандығын жеткізді.

«Аға сеньорлар» құралына:

– «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің субъектілері қатысушы бола алады. Жылдық айналымы 5000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет.

– Компонент бойынша сарапшыларды тарту шығындары, сонымен қатар сарапшылардың жол шығындары мен қызметіне қатысты шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

– Сарапшының өндіріс орны орналасқан өңірде болуымен байланысты шығындар: тұру, тамақтану, тасымалдау, тәулікақы шығындары кәсіпкермен дербес төленеді.

Бұл құралдың тиімділігі жөнінде:

«Өткен жылы облысымыздың 4 кәсіпкері шетелдік маманды сарапшы ретінде шақыртты. Мәселен, Қырғызстаннан келген маман тігінмен айналысатын қызылордалық кәсіпкерге қызметкерлерін жылдам тігін тігуге үйретіп кетті. Ал Қазалы ауданындағы тіл дамыту орталығына келген шетелдік маман үйренушінің сөздік қорын арттыруға қатысты оңтайлы тәжірибесімен бөлісті. «Аға сеньорлар» құралы – тегін көрсетілетін қызмет. Сол үшін де қазіргідей қиын кезеңде кәсіпкерлерімізді аталмыш құралды белсенді қолдануға шақырамыз», – дейді Палата сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева.

Палата маманы карантинге орай кәсіпкерлер сарапшылардың қызметін онлайн да ала алатынын айтып отыр.

Кәсіпкерлер өтініштерін Қызылорда қаласында Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан «Бастау» бизнес-орталығының 1-қабатындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, аудандарда Палатаның филиалындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына қалдыра алады. Сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Гүлнұр Құрмантаеваға 8/7242/40-08-74 байланыс телефоны арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ, 1432 нөмірінен де кеңес ала алады.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: