Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкер жаңа жобаны қолға алды

25.04.2023, 16:10 365

HALYQLINE.KZ «Әрекетке берекет» айдарының келесі кейіпкері, отбасының берекесін ұйытып отырған, қызметпен бірге үй тірлігін қатар алып жүрген нәзік жандылардың бірі – ЖК «Абилова» мекемесінің директоры Гүлзат Абилова.

Кәсіпкер 2015 жылдан бастап брусчатка өндірісімен айналысып келеді. Ал, 2022 жылдың қараша айында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз грант конкурсына қатысуға жаңадан «Еурозабор» жобасын әзірлеп, қайтарымсыз грантқа ие болды.

Оның еуропалық үлгіде дайындаған темір-бетоннан жасалған өнімдеріне сұраныс жоғары. Қайтарымсыз қаржыға жаңа кәсіпке қажетті құрал-жабдықтарды алып, 1 апта ішінде арнайы қалыпқа салып әзірленетін еурозабордың 600-800 метрін өндіріп, тапсырыс берушіге жөнелткен. Кәсіпкер көбіне тапсырыспен жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер қазір суағар, бордюр,баспалдақ қаптағыш, тіпті брусчатканың 12 түрін құйып жатыр. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылар цементті әбден араластырып, қажетті түстерге бояйды. Содан соң түрлі пішіндердегі қалыптарға құйып, арнайы аппаратпен тығыздайды. Бұл жұмыстың барлығы тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: