Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда балық қалдықтарынан ұн шығарылмақ

16.11.2021, 10:20 671

HALYQLINE.KZ Басты мақсат – жеке кәсіпкер Төребек Игіліковтың балық ұнын шығаратын цехтың жұмысымен танысу. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер балық қалдықтарынан ұн және жем дайындайтын украиналық замануи техниканы сатып алған. Бұл құрылғы «Еуро 4» стандарты бойынша ұн және жем шығарады. Төребек Игіліков жобаны іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 20 млн теңге және өз қаражаты есебінен 10 млн теңге қаржы жұмсаған. Цех үшін Әйтеке би кентіндегі «Өндірістік аймақтан» арнайы ғимаратты да дайындаған. Төребек Игіліковтың айтуынша, Қазалы ауданы үшін жаңа кәсіптің түрін бастап кету үшін көгілдір отын аса қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: