Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет сапалы өнімге қолдау жасайды

31.08.2021, 14:00 263

HALYQLINE.KZ Бүгінде Қызылорда облысында бизнесін дамытып отырған кәсіпкерлердің саны артып келеді. Солардың бірі – Айгүл Тойжанқызы. Кәсіпкер 1998 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шикі балықты көтерме бөлшек сатумен айналысып келеді. Қазіргі таңда Бегім ана көшесі бойында орналасқан «Арзан балық» ғимаратында сауда желісін ашып, кәсібін одан әрі дамытуда. 2021 жылы айналым құралдарын толықтыру үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына тек 6%-бен ғана төлеп келеді. Ал, қалғаны мемлекет тарапынан субсидияланып отырады. Қазір кәсіпкер өз дүкенінде жұмыс істейді.

Сауда залы қажетті жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілген. Мұнда дайын балықты 5 тоннаға дейінгі өнім сыятын камералармен жабдықталған қоймада сақтайды. Дүкен сөрелерінен балықтың жайын, шортан, жыланбас, көксерке, сазан, табан, амур және т.б. түрлерін көруге болады. Сондай-ақ, қуырылған балық, уылдырық, мұздатылған уылдырық және тартылған балық та бар.

«Әр адамның тамақтану рационында балық міндетті түрде болуы керек. «Арзан балық» дүкенінің үш тамаша артықшылығы бар. Бірінші – мінсіз қызмет, екінші – өнімдердің жоғары сапасы, үшінші – қолайлы баға», – дейді Айгүл Мұханбетжанова.

Тағы бір айта кетерлігі аталған дүкенде жеткізіп беру қызметі жолға қойылған. Жақында Айгүл Тойжанқызы ысталған және қақталған балық сататын тағы бір сауда желісін ашып, кәсібін кеңейтіп жатыр. Кәсіпкердің тұрақты клиенттері тек Қызылорда облысында ғана емес, еліміздің басқа да қалаларында бар. Тұтынушыларды сапалы да табиғи таза балық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында балық өсетін су тоғандарының иелерімен тікелей жеткізу туралы келісім жасаған. Сол сияқты алдағы уақытта балық өнімін терең өңдеуді жоспарлап отыр.

Иә, кәсіппен айналысамын деген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетілуде. Соның негізінде облыс кәсіпкерлеріне жеңілдетілген пайызбен несиеге және қолдау шараларына қол жеткізуге мүмкіндіктер жетерлік. Қай жағынан алып қарасақ, мемлекет қолдауының ұтымды тұстары баршылық. Тек соны белгіленген заң аясында, үлкен сеніммен, табандылықпен іске асыра білу қажет. Ал ондай іскер адамдардың аймақ бойынша саны бүгіннің өзінде аз емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: