Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Киіз үйде қызмет көрсететін кәсіпкер

29.08.2022, 10:00 484

HALYQLINE.KZ Осыдан екі жыл бұрын жұмысын бастаған «Макing Тerenozek» фастфуд орталығы кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтті. Жыл сайын өз тұтынушыларын қуантудан жалықпайтын орталықта бірнеше кәсіби маман жұмыс істейді. Өз кезегінде жас кәсіпкер Мақсат Бекенов отбасылық бизнесті дамытуға күш салып келеді. Сапалы, ұтымды, халыққа қолайлы қызмет көрсететін «Макing Тerenozek» фастфуд орталығында еуропалық үлгідегі қазақы киіз үй жергілікті тұрғындарға қызмет көрсете бастады.

Еуропалық үлгідегі киіз үйдің ашылу салтанатына аудан тұрғындары мен қо­нақтар қатысты. Мұнда күнделікті кестеге сәйкес тұтынушыларға қызмет көрсетілуде. Қызылорда облысы бойынша бірегей орта­лық көпшілік көңілінен шығуда. Өз кезегінде отбасылық бизнестің қазіргі аяқ алысы жө­нінде бізге жас кәсіпкер Мақсат Бекенов­ айтып берді.

– Нарық заманында бәсекеге қабілетті болу маңызды рөл ойнайды. Алғаш фастфуд орталығын ашатын уақытта отбасымызбен сұранысқа ие кәсіп түрін таңдауды жөн көрдік. Ата-анам, бауырларыммен бірге жаңа кәсіпті игере бастадық. Әрине, тұрғындардың талғамы жоғары. Кәсіби, бі­ліктілігі жоғары мамандарды жұмыс­қа тар­туға барлық жағдай жасалды. Бірнеше қа­лада орналасқан фастфуд орталық­та­рының мамандарымен тәжірибе алмастық. Осылайша, кәсібімізді жаңғыртып, еуропалық үлгідегі қазақы киіз үй ашуға бел будық. Қомақты қаржы жұмсалған киіз үй жылдың 4 мезгілінде де қонақ күтуге арналған. Заманауи жиһаздар қойылды. Соңғы үлгідегі ыдыстармен жабдықталды. Тұтынушы өз қалауынша біздің тағамдарға тапсырыс бере алады. Сонымен бірге Тереңөзек кенті мен жақын ауылдарға тасымал қызметі жолға қойылған. Әр жұма сайын әрбір донер алған тұтынушыға түрік айраны тегін беріледі, – дейді жас кәсіпкер.

Айта кетейік, «Макing Тerenozek» фастфуд орталығының ашылғанына 2 жыл толуына орай «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы оқырмандар арасында ұтыс ойынын ұйымдастырды. Бес мыңнан аса адамның ішінен 10 жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында Түркістан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда қа­ласы мен Арал ауданынан жеңімпаз атанғандар бар. Сонымен бірге жиырма мыңыншы тұтынушыға арнайы сыйлық тапсырылып, орталық тұтынушыларын қуанышқа бөледі.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ,

журналист,

Сырдария ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: