Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлердің мәселесін шешу мақсатында жиын өтті

29.06.2023, 10:15 317

HALYQLINE.KZ Департаменттің ұйымдастыруымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы алаңында кәсіпкерлердің мәселелерін шешу мақсатында жиын өтті.

Оған Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры П.Сыздықов, облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Е.Орынбаев, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменті басшысының м.у.а. Ә.Дабылов, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Р.Сұлтангереев, сонымен қатар 20-дан астам бизнес өкілдері қатысты.

Басқосуда кәсіпкерлердің облыс бойынша сұйытылған мұнай газ өнімін бөлудегі әкімшілік кедергілері жөніндегі шағымдары талқыланды. 

Жиында мәселе бойынша тараптардың пікірлері тыңдалып, бұл салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар енгізілді.  Кәсіпкерлер мәселесі шешілгенге дейін Департаменттің бақылауында болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: