Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кәсіпкерлер шаш-етектен шығынға батса да, көмек қолын созуда»

14.07.2020, 16:45 705

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі қазіргі хал-ахуал туралы бірқатар мәселелер қозғалды. Президент соңғы уақытта халықтың көкейінде жүрген мәселелер: дәрі тапшылығы, азаматтардың денсаулығына алаңдаушылығы, кәсіпкерлердің карантин режиміне орай толық қуаттылықта жұмыс істей алмауы секілді мәселелер, оларды шешу бойынша қолға алынуы тиіс шаралар туралы айтты, тиісті органдарға тапсырмалар берді. Бұл қадамдар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деген үміттеміз.

Қазір қоғамдық өмірдің қай саласына болса да жеңіл болып тұрған жоқ. Дегенмен, кәсіпкерлік саласы айтарлықтай қиындықтарға кездесіп отыр. Бизнес өкілдері шаш-етектен шығынға батқанына қарамастан тұрғындарға көмек қолын созып жатыр. Соның бір айғағы, біздің өңірімізде соңғы онкүндікте «Абай-Дәулет» ЖШС, «Абзал және К» ТС, «Ақтөбе и К»ЖШС, «Шыңғыс ЛТД» ЖШС, «КВАНТ» ЖШС және өзге де аттары аталмаған әріптестеріміз сұраныс берген өңір тұрғындары мен медицина мекемелерін тегін дәрі-дәрмекпен, қажетті оттегі құралдарымен, оны таситын көлікпен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр. Кей кәсіпкерлеріміз аты-жөндерін атағанын қаламай, десе де қаржы аударып, өздері де ерікті болып қиын кезеңде халыққа демеу болуда.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет пен Ұлттық Банк басшыларына пандемия кезеңінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты шараларын әзірлеуді тапсырған екен. Бұл тапсырмасы бизнес өкілдері арасында оң резонанс туындатуда. Қазіргі карантин кезеңінде кәсіпкерлер үшін банктерден алған несиелері айтарлықтай салмақ болып отыр. Рас, мемлекет 3 айға төлеу мерзімін шегертті. Алайда үстіндегі банктің сыйақысы өсіп кетіп, кәсіп иелеріне одан әрі салмақ салуда. Бизнес өкілдерінің басым бөлігі осы салада қолдауға зәру болып отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк қолдау тетіктерін қарастырғанда осы мәселеге көңіл бөлуін сұраймыз.

Мемлекет Басшысының берген тапсырмалары дер кезінде орындалып, бұл сыннан бірге, аман-есен өтеміз деген үміттеміз.

Пірмұхаммед СЫЗДЫҚОВ,

Қызылорда облысы кәсіпкерлер

палатасы директорының орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: