Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкер: «Сылтау іздейтін жердің бәрінен нәтиже шығар»

03.12.2020, 15:15 235 0

HALYQLINE.KZ

Белгілі кәсіпкер Дэн Вальдшмидттің істеуге міндетті 19 үрейі:

1. Қоңырау шалуға қорқатын адамға хабарлас.

2. Бұрынғыдан да ерте тұр.

3. Алашақтан гөрі берешекті арттыру керек.

4. Өзгелердің саған жасайтын қамқорлығынан, сенің өзгелерге жасайтын қамқорлығың көп болсын.

5. Тәнің жарақаттан көрінбей тұрса да, күресті тоқтатпа.

6. «Сақтану керек!» деген жердің бәрінде тәуекелге бел бу.

7. Соңыңнан ілесетін адам болмаса да, басқаруды үйрен.

8. Өзге ешкім тәрбиелемесе де, өзіңді-өзің тәрбиеле. Ізден. Білім қу.

9. Сұрағыңа жауап іздегенде ақымақтың кейпіне ен.

10. Қол сілтей салатын жерде ұсақ-түйектерді ойластыр.

11. Сылтау іздейтін жердің бәрінен нәтиже шығар.

12. Өзгенің пікірімен келісіп тұрсаң да, өзіңнің ойыңды ізде.

13. Қателік жасап, ақымақ боп көрін.

14. Бір рет жасап көр, қателес, сосын тағы да көр.

15. Демің құрып қалса да, жылдам жүгір.

16. Саған қатыгездік танытқан адамға да мейірімді бол.

17. Ешкім жетпеген нәтижеге қол жеткізіп, ешкім үлгермеген уақытта үлгер.

18. Жұмысың жүрмесе де, әрбір әрекетіңе жауапкершілікпен қара.

19. Таңдаған бағыттағы кедергілерге мән бермей, алға қарай қозғала бер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: