Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есептегі азамат жарты миллион теңге грант ұтып алды

21.08.2020, 17:00 584

HALYQLINE.KZ  Жалағаш аудандық пробация есебіндегі С есімді азамат ,«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алды. Сонымен қоса, бұл азамат жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 505 600 теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. Осылайша ол қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізіп, қазіргі уақытта компьютер жөндейтін орталық ашуға қажетті заттарды алу үстінде.

Бүгінде пробация есебінде тұратын жеке кәсібін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар бар. Ол азаматтардың жеке кәсібін ашуға мемлекеттік грант септігін тигізген.

Жалағаш аудандық пробация қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: