Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екінші деңгейлі банк несиелеріне кепілдеме беретін қор қайсы?

01.03.2021, 15:15 562

HALYQLINE.KZ  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» екінші деңгейлі банк несиелеріне кепілдеме бере алады. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында берген сұхбатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Ерлан Сағидолдин айтты.

Палата алаңында бизнес өкілдерінің сауалына жауап берген Қордың аймақтық бөлімшесінің басшысы өзекті мәселелердің бірі – қаржы ұйымдарынан несие алу барысында қиындық тудыратын кепіл мүлікке қатысты жағымды жаңалықты жеткізді.

Ерлан Сағидолдиннің айтуынша, енді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынатын несиелеріне кепілдік беруге болады.

Қордың бұл қадамға барып отырғандағы мақсаты – екінші деңгейлі банктердің ауыл шаруашылығына несие беруін ынталандыру. Сондай-ақ, банктердің несиелік тәуекелдерін бөлу және агроөнеркәсіптік кешен саласын қаржыландырудың тартымдылығын арттыру.

Қордан кепілдікті екінші деңгейлі банктердің несиелеуі арқылы инвестициялық жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ала алады.

Ол үшін қойылатын шарттар:

– 3 млрд теңгеге дейінгі несиеге кепілдік мөлшері 50 пайызға дейін;

– басым инвестициялық жобаларды іске қосқанға дейінгі кепілдік мөлшері 85 пайызға дейін. Жоба іске қосылған соң кепілдік мөлшері стандартты шарттарға дейін төмендейді.

Кепілдендіруге жататын агроөнеркәсіптік кешен салалары:

– көпжылдық дақылдар өсіру;

– өсімдіктерді тұрақты түрде өндіру;

– мал шаруашылығы;

– аралас ауыл шаруашылығы;

– балық шаруашылығы;

– етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін өндіру;

– балық пен шаян тәрізді өнімдерді өңдеу мен консервілеу;

– жемістер мен көкөністерді өңдеу мен консервілеу;

– өсімдік және мал майлары мен тоң майларды өндіру;

– сүт өнімдерін өндіру;

– ұн тарту-жарма өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру;

– нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалатын кондитерлік өнімдер өндіру;

– қант өндірісі;

– какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер өндіру;

– дәмдеуіштер өндірісі;

– балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру;

– дайын мал азығын өндіру.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына қатысты сауалдарыңыз болса, байланыс телефондары 8 /7242/ 26-20-74, 8 778 777 88 78. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қонаев көшесі, 41.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: