Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал қаласында кәсіпкерлер үйі ашылды

24.10.2022, 20:00 652

Бүгін Республика күні және Арал қаласының 95 жылдығы аясында аудан орталығында «Кәсіпкерлер үйі» ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Серік Сағитжанұлы қатысып, жиналған көпшілікті Ұлттық мерекемен құттықтады. Сонымен бірге өңірдегі кәсіпкерлік саласындағы оң өзгерістерге тоқталып, ілгерілеушілік бар екендігін айтты. Аудан халқы мен жергілікті кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге арналған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында Арал ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Әйімбетов сөз алып, елдің мерейін өсіретін жаңа бастамалардың көп болуына тілектестік білдірді. Мұнан соң жаңа орталықтың лентасы қиылып, ашылу рәсіміне қатысушылар еңселі ғимараттың ішімен танысты.

Жаңа орталықта шағын және орта бизнес субъектілері үшін қажетті кеңестер берілетін болады. Бұл жерде кәсіпкерге өзінің бизнес идеясы мен бастамасын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Яғни «Кәсіпкерлер үйіне» бизнес идеясымен жүгінген кез келген тұлға заңгерлік кеңес алудан бастап, кәсібін тіркеу, бизнес-жоспарын әзірлеу, біліктілігін көтеріп, жобасын қаржыландыру, сүйемелдеу сынды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне бір жерден қол жеткізе алады.

Атап өтейік, алдағы уақытта аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы өз жұмыстарын «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратында жалғастыратын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: