Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Аға сеньорлар»-ға өтініш қабылдау басталды

13.03.2020, 16:50 387 0

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес жол картасы – 2025» Бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын «Аға сеньорлар» компоненті бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (Қызылорда қ., Желтоқсан к-сі 12) және аудандық филиалдардағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында өтініштерді қабылдау басталғандығын хабарлайды.

«Аға сеньорлар» инструменті ірі халықаралық компанияларда жұмыс істеген шетелдік және отандық сарапшылардың тәжірибесі мен білімін пайдаланып, салалық ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпкерлердің құзыретін арттыруға, жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологиялары мен персоналды оқытуға қатысты сұрақтар бойынша тікелей кәсіпорында қатысушыларға кеңес беру мен тәжірибе алмасуға бағытталған. 

Компонентті жүзеге асыру шарттары:

– «Бизнестің жол картасы – 2025» Бағдарламасының аясында Экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің субъектілері қатысушы бола алады, жылдық айналымы 5000 АЕК кем емес;

 – Компонент бойынша шетелдік сарапшыларды тарту шығындары, сонымен қатар сарапшылардың жол шығындары мен қызметіне қатысты шығындар республикалық бюджеттен жүзеге асырылады;

– Сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындар: тұру, тамақтану, ел ішінде тасымалдау, тәулікақы шығындары, сондай-ақ аудармашы қызметтері кәсіпкерлермен дербес төленеді.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлердің Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына жүгінуіне болады (байланысатын тұлға: ҚО КП Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы– Құрмантаева Г.Ж. тел. /87242/40-08-74).

Сall-сentre: 1432

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: